Қазақстан шекарасында маймыл шешегіне байланысты бақылау
шаралары күшейтілді. Әсіресе әуежайларда жолаушылар қатаң тексеріліп, ауру шыққан
елдерден келетін азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді. Денсаулық сақтау
министрлігі инфекцияны елге әкелудің алдын алу үшін қабылданып жатқан қажетті
шаралар туралы мәлімдеді. Бейінді ведомствоның мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстан
Республикасында маймыл шешегінің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ. Дәрігерлер
қазақстандықтарға эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға
сақтық шараларын сақтауды ұсынды. Атап айтқанда, ауру адамдармен және жабайы
жануарлармен байланыста болмау, қорғаныш киімдері мен қолғаптарды қолдану, жеке
бастың гигиенасын сақтау, бөртпе және дене температурасының жоғарылауы пайда
болған жағдайда дәрігерге жүгіну керек. Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымы маймылдардың шешек індетін бүкіл әлемге қауіп төндіретін
төтенше жағдай деп жариялаған болатын.