Тазы жүйке ауруларын емдейді

Тазы жүйке ауруларын емдейді

Қазақы тазының жанға дауа болар емдік қасиеттері бар. Бұған «Номад» ұлттық аңшылық клубының мүшелері сенімді. Елордалық бірлестік жүйке ауруларын жануарлардың көмегімен оңалтудың жобасын қолға алды. Ғылым тілінде мұны канистерапия деп атайды. Қанатқақты бастама көптің көңілінен шығуда. Қазірдің өзінде Астанадағы бірқатар сауықтыру орталығынан балалары келіп, иттермен ойнайды. Мамандар тазымен серуендеген бір сағаттың өзі, психологтың бір күн қабылдауында болғандай әсер ететінін алға тартады. Яғни, жүйкеге жайлылық сыйлайды. Себебі қазақтың құмайын мінез-құлқы және жоғары жүйке қызметі өзге тұқымдардан оқ бойы ерекшелеп тұрады. Текті жануардың бірегейлігін Халықаралық кинологиялық федерациясы да мойындап, ресми тіркегенін атап өту керек. Бүгінде елімізде үш жарым мыңнан астам таза қанды тазы бар.  

Болат Құнанбаев, «NOMAD» ұлттық аңшылық клубының басшысы:

- Алғаш рет канистерапияны ендірдік. Ипотерапиямен бірге қосып кешенді бағдарлама құрдық. Бұндағы мақсат мүмкіндіктері шектеулі балаларға көмегі тисе дейміз. Ерекше балаларды оңалтудың бұл тәсіліне Тазы лайық деп санаймыз. Біз иттерді шығарып балалармен ойнатамыз. Тазымен серуендеу жалпы тестостерон деңгейіне, гормондарға әсер етеді, стрессті азайтады. «Номад» ұлттық аңшылық клубы бұны әлеуметтік жоба ретінде тегін түрде жүзеге асыру шешімін қабылдады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?