17-18 қазан күндері Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады. Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады. Сондай-ақ, сапар барысында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ел Премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының аспан асты елінің ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланып отыр. Естеріңізге сала кетейік, «Бір белдеу, бір жол» жобасын құру бастамасы алғаш рет 2013 жылы Астанада айтылған болатын. Оны іске асыру Қытайды Еуразия құрлығы және Африка елдерімен байланыстыратын транзиттік-көлік жүйесін құруды қамтамасыз етуге, сауданы жолға қоюға және экономикалық өсуді ынталандыруға мүмкіндік береді.