Оның құрылысына жеке инвестициялар есебінен 150 млрд теңгеден астам қаржы бағытталмақ. Теңіз жобасына көлік-логистикалық инфрақұрылым мен темір жол тартылады. Сондай-ақ оның ішінде жүк көліктеріне арналған әмбебап автотұрақ, сұйық және жалпы жүк терминалдарын салу көзделген. Уақытша сақтау және сұрыптау қоймалары болады. Кедендік рәсімдеу үрдісімен толық қамтылатын терминал Қазақстанның жүк өткізу қабілетін, яғни транзиттік әлеуетін арттырып, жүктемені азайтуғаықпал етпек.