Бұл жөнінде облыс әкімдігі мәлімдеді. Олардың қатарында қуаты жылына 200 мың тонна кеме отынын өндіруге қауқарлы мұнай-химия кешенінің құрылысының екінші кезеңі жоспарланған. Сондай-ақ елде жалпы құны шамамен 20 млрд теңгеге бағаланған аммоний сульфаты, көміртекті-аммоний тұздары, аммиак суы, антифриз, мембраналық оқшаулағыш материалдар және органикалық химиялық заттар шығаратын өндіріс ошақтары ашылмақ.