Қазақстан Президенті Азия даму банкінің басшысы Масато Канданы қабылдады. Қасым-Жомарт
Тоқаев 30 жылдан астам уақыт ішінде қаржы институты елімізде жалпы құны 7 млрд
доллардан асатын инфрақұрылымды жаңғыртуға және азаматтардың тұрмыс сапасын
жақсартуға бағытталған 170-тен аса жобаға қолдау көрсеткенін айтты. Мемлекет
басшысы экономиканың басты секторларындағы ауқымды бастамаларды іске асыру
жоспары жөнінде әңгімеледі. Масато Канда Азия даму банкі Қазақстанмен арадағы
ықпалдастық аясын кеңейтуді басым бағыт санайтынын жеткізді. Ол тұрғын үй
құрылысы, төтенше жағдайларды басқару және өзге де маңызды стратегиялық
жобаларды қаржыландыруға банк дайын екенін растады. Сондай-ақ еліміздің цифрлық
технологиялар бойынша алдыңғы орында тұрғанын атап өтіп, аса маңызды минералдар
секторын ілгерілетуде әлеует бар екеніне тоқталды.

