Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында халықаралық өнеркәсіптік кооперация құрылады

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында халықаралық өнеркәсіптік кооперация құрылады

Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында «Орталық Азия» ірі халықаралық өнеркәсіптік кооперация құрылады. Жаңа кешен өзара алыс- беріс пен барыс-келісті арттыруға бағытталған. Яғни, елдеріміздің арасында кедендік рәсімдер жеңілдеп, өнімдер мен қызметтер алмасу және азаматтардың қатынауы үдей түспек. Сенат тиісті үкіметаралық келісімді мақұлдады. Аталған орталық экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық аясын кеңейтеді. Сондай-ақ, өңірдің ірі жүк ағындарын бөлу мен өңдеуге және «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізі шеңберінде өндірістік кооперацияны дамытуға ықпал етпек. Еске сала кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан өзара сауда көлемін жақын арада 10 млрд долларға жеткізуге ниетті. Кешен бұл межені бағындыруға тың серпін бермек. Екі елдің инвесторлары да бұған қызығушылық танытып отыр. 

Қайрат Төребаев, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі: 

- Қазірдің өзінде 5 компания инвестиция құюға қызығушылық танытып отыр. Олардың ішінде 35 млн доллардың жеміс-көкөніс өнімдерінің зауыты бар. Ол кәсіпорын қызанақ пастасы мен азық-түлік өнімдерін шығаратын болады. Енді бір көкөністер мен жемістерді қайта өңдейтін зауыттың құны 15 млн долларды құрайды. Сондай-ақ, 20 млн долларға логистикалық кешен салынады. Бесінші жоба өзбекстандық жаһандық тоқыма компаниясы. Оларда осы аумақта орналасуға ниет танытты. Бұл инвестормен де ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.  

Авторы: Жеңіс Ермұқанов 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?