Қазақстан кеніштерінің тәжірибесіне әлемнің елдері қызығушылық танытуда. Бұл ниеттерін елордада өтіп жатқан 12-ші халықаралық тау-кен металлургия конгресіне келген шетелдік сала мамандары білдірді. Бұл мақсатта 13 елдің өкілі келген. Олардың қатарында Канада, Германия Орталық Азия мен Африка елдері бар.
Омар Али, Камерун Республикасының тау-кен өнеркісібі, индустрия және технологиялық даму министрлігінің Бас Хатшысы:
– Камерунда пайдалы қазбалар қоры өте көп. Алайда, өндіріс жағы кенжелеп тұр. Қазақстанның бұл бағытта тәжірибесі мол, яғни технологиялық тұрғыда жақсы дамығанын білеміз. Жаңа ғана сіздердің индустрия және инфрАқұрылымдық даму вице министрімен жүздестік. Кездесу нәтижелі болды. Біз бірқатар бағытта әріптестік орнатудың әлеуетін айқындадық. Елімізге қазақстандық компанияларды тартуға мүделіміз. Келіп инвестиция құйып, тәжірибелерімен бөліссе дейміз, тау-кен саласын бірлесіп дамытуды қалаймыз.
Сонау сақ заманынан бағалы металдар өндірісін жетік меңгерген жергілікті кеншілер бүгінде өзгелермен шеберлік бөлісе алатын кезге жетті. Мәселен, былтыр елде 66 тонна аффинирленген алтын өндірілді. Келер жылы оның көлемін 100 тоннаға дейін ұлғайту көзделген.
Ғани Сағиев, бағалы металдар өндірушілер қауымдастығының атқарушы директоры:
– 2021 жылы құрамында алтын бар кен өндірісі 25%, ал концентрат игерудің көлемі 16% артты. Ауыз толтырып айтарлық өсімді былтыр жаңадан қосылған өндірістік қуаттар қамтамасыз етті. Биыл және келер жылы еліміз бойынша алтын өңдейтін тағы 5 фабрика іске қосылады.
Жер қойнауындағы байлықты тиімді игеруде кен орындарын кешенді түрде сандық үлгіге көшірудің үлесі басым. Бұл орайда өзгеге үлгі болар бірқатар отандық инновациялық жоба таныстырылды. Өндірісті автаматтандыру тың үрдіс. Бірақ сала әліде көптеген адам күшін талап етеді. Қазір елімізде бұл секторда 230 мыңға тарта адам еңбек етеді. Ондағы өндіріс аса қауіпті салалардың бірі екені белгілі. Сондықтан, бірінші кезекте жұмысшылардың қауіпсіздігіне баса мән берілуі тиіс.
ЖеңісЕрмуқанов, тілші:
– Саланың құтқару қызметі осындай заманауи жылуды анықтағыш қондырғымен жабдықталған. Бірегей құрылғы тас қараңғы жерде, апатты орында, адамның көзі жетпейтін қалың тұманда, түтін ортасында жапашегушіні дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Бұған қоса камера 2 сағатқа дейін бейне және дыбыстық жазба жасай алады. Бұл құрылғы тіпті адам қолының іздерінде көреді екен.
Отандық тау-кен саласының жалпы ішкі өнімдегі үлесі 9% құрайды. Жылына 11 триллион теңгенің өнімін шығарады. Экспорт көлемі 12 миллиард долларға жетті. Нәтиже көңіл көншітеді. Саланың қордаланған мәселелері де жоқ емес, бар. Олардың түйінін тарқату жолдары келелі жиын барысында талқыланып жатыр.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов