Қазақстанда MICE-туризм қарқынды дамып келеді. Сарапшылардың пікірінше, тек бизнес-туризмнің ғана емес, іскерлік кездесу саласының дамуына да көп мүмкіндік бар. Еліміз бүкіл әлемдегі кәсіпкерлерді әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың тұрақтылығымен және өзінің инвестициялық климатымен қызықтырады. Сондықтан, өз қаржысын салу мақсатында да, ірі халықаралық саммитке қатысу үшін де келушілер жетерлік. Арнайы форумдар көбінесе Алматы мен Астана қалаларында өткізіледі. Дегенмен, елдегі мұндай шаралардың саны едәуір артқан. Мәселен былтыр Қазақстанда топырақ механикасы мен геотехника бойынша 600 делегаттың басын қосқан 17 Азиялық аумақтық конференция өтті. Ал жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру бойынша халықаралық конференцияға қатысу үшін 200 адам келді. Одан бөлек, спидкубингтен Азия чемпионатында 100 зияткер-спортшы сайысқа түсті. Бұл тек бір бөлігі ғана. Алдағы уақытта да бірқатар MICE-шаралар өткізу жоспарлануда. Оның ішінде студенттер арасындағы чемпионат - Enactus World Cup бар. Алдағы уақытта Қазақстан рубик текшесін жылдам жинау бойынша әлем чемпионаты мен робототехникадан жаһандық олимпиада өткізуге ниет білдіріп отыр.
Альбина Ержанова, Enactus
Kazakhstan президенті:
-Enactus World Cup бұл студент-кәсіпкерлер
арасында Әлем чемпионы. Онда өз елінде топ жарған қатысушылар өздерінің
бастаған бизнес-жобаларын таныстырады. Ол Біріккен Ұлттар ұйымының тұрақты
дамуының 17 міндетіне сәйкес келуі керек. Біздің жастар үшін бұл халықаралық
жобалардың деңгейін бақылап, тың серпіліс алуға мүмкіндік екені жасырын емес.
Менің ойымша, жас кәсіпкерлерге біз өз еліміздің мүмкіндіктерін паш етіп, жаңа
іскерлік байланыс орнатуға жол ашамыз. Оның үстіне, туризм саласын да едәуір
дамытамыз.