Күріштің орнына қызанақ, қауын мен қарбыз. Егістік алқаптарын әртараптандыру аясында Қызылорда облысының диқандары ылғал үнемдейтін дақыл өсіруге көшуде. Шиелі ауданының шаруалары алғашқы өнімдерін жинап үлгерді. Биылғы маусымда жердің бір бөлігі ауыл тұрғындарына өңдеуге берілген еді. Диқандар 612 гектар алқапты игеріп, мол өнім жинауға мүмкіндік алды.
Мақсат Ташматов, шаруа қожалығының төрағасы:
– Біз қызанақ дейміз, помидор біздің Қазақстан бойынша бүкіл қалаларға барады. Және шетелге де кетеді, Ресейге қарай. Қызанақ кетеді, өйткені бұл қызанақтың сорты бізде пісетіні жолға өте шыдамды.
Мұрат Әшірбеков, шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
– 5447 га жері бау-бақша, картоп, көкөніс, бақша дақылдары. Ол барлық ауылдарда орналасып, одан бөлек тұрғындар өздерінің шаруа қожалықтарының үлескерлері бар, аз қамтамасыз етілген отбасыларына үлескерлік жерлер беріп, қазіргі таңда алғашқы өнімдері шығып жатыр.
Биылғы маусымда су тапшылығына байланысты облыс бойынша күріш алқаптары қысқарған. Әртараптандыру ылғал көлемін ұтымды пайдалануға және халықты сұранысы жоғары өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, дейді мамандар.