Қазақстанда биыл 65 тауарлы-сүт фермасы салынуы тиіс. Қазірдің өзінде 20 нысан іске қосылған. 24 жоба бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып қалды. Оның ішінде ең көбі Солтүстік Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатыр. Салалық ведомствоның мәліметінше, былтыр аталған өңірде тауарлы-сүт фермаларының құрылысына жеңілдікпен несие беру және Үлкен жобадағы аймақтың тәжірибесін басқа өңірлерге тарату басталды. Қазірдің өзінде бірнеше облыста мал шаруашылығы кешендері салынып жатыр.
Атап айтсақ, 12 нысан Алматы өлкесінде бой түземек. Ақмолада жеті және Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында алты, сондай-ақ бесеуі Қостанайда, төртеуі Батыс Қазақстанда және Ақтөбеде тағы бір тауарлы-сүт фермасының құрылысы жүріп жатыр. Ал Түркістан, Абай және Жетісу өңірлерінде жалпы жеті жоба толығымен іске асырылған.