Қазақстанда 2024 жылы 22 кен орны тіркелді

Қазақстанда  2024 жылы  22 кен орны тіркелді

Қазақстанның ресурстық әлеуеті артып келеді. Тек жыл басынан бері елімізде жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша 22 жаңа кен орны анықталды. Биыл алғаш рет қатты пайдалы қазбалардың 12, көмірсутек шикізатының 4, сонымен қатар жер асты суларының 6 кен орны тіркелді. Нәтижесінде құрамында алтын, күміс, мыс, мырыш, темір рудалары, қорғасын, вольфрам, хром, молибден және марганец сияқты пайдалы қазбалар қоры бар кеніштер мемлекеттік есепке алынды. Айта кетейік жалпы бүгінге дейін Қазақстанда сирек жер металдарының 100 астам кен орны анықталған. Бұл ретте елімізде жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы жұмыс істейтінін еске сала кетейік. Заманауи жүйе Қазақстан аумағын геологиялық-геофизикалық зерттеудің 56 мыңнан астам электрондық есебін қамтиды. Бұл мүдделі тұлғаға қажетті есеппен онлайн режимінде танысуға мүмкіндік береді.

Жеңіс Ермұқанов. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?