Әлем экономикасы 2022 жылды төмен көрсеткіштермен бастады

Әлем экономикасы 2022 жылды төмен көрсеткіштермен бастады

Әлем экономикасының өсімі баяулайды. Мамандар 2022 жылға арналған болжамдарын қайта қараған. Халықаралық валюта қоры сарапшыларының пайымдауынша, өсім 4,4% деңгейінде болмақ. Бұған дейін 4,9% деп болжам жасалған болатын. Мамандардың айтуынша, жаңа 2022 жылды әлем экономикасы төмен көрсеткіштермен бастап тұр. Энергия тасымалдағыштар мен жеткізілімдердегі іркілістер инфляцияның шарықтауына алып келеді. «Жаһандық өсім қарқынының төмендеуі америкалық және қытай экономикаларының тежелуіне өз ықпалын тигізеді. Алайда келесі 2023 жылы әлем экономикасы 3,8% дейін өсім көрсетуі әбден мүмкін», – деп болжайды Халықаралық валюта қорының сарапшылары.