Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәлімдеуінше, іс-шара елімізде сайғақтар популяциясын анықтау үшін жүргізіледі. Киіктерді санауға «Охотзоопром» мекемесі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекция қызметкерлері жүргізеді. Сонымен қатар бұл іске Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары да жұмылдырылған. Санақ тобы екіге бөлінген – бірі бетпақдала популяциясында, екіншісі – Орал және Үстірт популяцияларында санақ жүргізеді. Есеп алуға тікұшақпен 200-ге жуық ұшу сағаты қарастырылған.
Айта кету керек, Қазақстанда киіктердің саны жылына екі рет – көктемде және күзде ұйымдастырылады.