Референдум: қазақстандықтар 52 елде дауыс бере алады

Шетелдегі әрбір Қазақстан азаматы 5 маусымда жалпыұлттық референдумда өзінің дауысын бере алады. Ол үшін 52 мемлекетте 65 учаскелік комиссия құрылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі  хабарлайды. Сыртқы  саяси ведомства сайлаушылар тізіміне енгізу үшін қажетті мәліметтерді алдын-ала ұсынуды сұрайды. Айта кетейік, қазақстандықтарға Ата заңға енгізілетін түзетулер бойынша алда өтетін республикалық референдум туралы SMS-хабарламалар келе бастады. Онда дауыс беру күні көрсетілген. Еске сала кетейік, бюллетеньде «Сіз, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген бір ғана сұрақ болса, жауаптың екі нұсқасы болады-мақұлдау немесе қарсы дауыс беру.

 

Автор: Жеңіс Ермұқанов