Қазақстандық режиссер Қуаныш Бейсековтың «Шоқан» картинасы Германияның студенттік кинофестивалінде көрсетілді. 23 минуттық фильмде өткенге саяхат туралы баяндалады. Мектептегі тарих сабағында балалар 20-шы ғасырдың 30-шы жылдарында қазақ даласын жайлаған ашаршылық туралы виртуалды сапарға аттанады. Фильм автордары сол кезеңнің қиындықтарын жеткізе алған. Виртуалды саяхат кезінде техникалық ақау орын алып, Шоқан есімді оқушы шынайы өткен шаққа түседі де, Айша есімді қызға көмектесуге тырысады. Қазақ отбасының ауыр тағдыры туралы баяндайтын фильмнің финалы қуанышты сәтпен аяқталады. Лента қазақ тілінде ағылшынша титрлермен көрсетілді. Германиядағы студенттік кинофестивальде әлемнің 40 мемлекетінен туындылар қатысты.
Лара, секция кураторы:
– Әдетте біздің кинофестивальге режиссерлер өз фильмдерін өздері жіберіп жатады. Алайда қазақстандық картинаны өзіміз таптық. Оны алғаш рет Франкфурттегі кинофестивальде көрдік. Фильм авторларымен өзіміз байланысқа шығып, осында көрсетуге өтініш білдірдік.
Амал, секция кураторы:
– Фильмнің тақырыбы өте ауыр. Алайда біз ондай оқиғаларды да көрсету керек деп шештік. Ашаршылық туралы айту керек. Ал тақырыпты жеткізу әдісі өте қызықты. Бұл жерде келешек пен өткеннің байланысы көрсетілген. Кинофестивальге қазақстандық картинаның қатысып жатқаны қуантады.