Қазақстан ақпараттық қауіпсіздік технологияларын дамытуда

Қазақстан ақпараттық қауіпсіздік технологияларын дамытуда

Қазақстанда кибершабуылдардан қорғануға арналған тың технологиялар қарқынды дамып келеді. TSARKA кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы бұл бағытта бірқатар төл инновациялық әзірлемелерін ұсынды. Олардың ішінде – арнайы токен және дербес деректерді барынша қорғайтын ерекше смартфон бар. Қолданушының барлық деректері арнайы шифрланып, бөтен біреудің пайдалануына жол берілмейді. Мұндай бірегей өнертабыстар қазақстандықтардың күнделікті өмірде цифрлық қауіптерден қорғануына бағытталған. Сонымен қатар, мамандар WebTotem жүйесін де таныстырды. Бұл – жаңа буынға арналған қазақстандық платформа, ол сайттарды тәулік бойы бақылап, киберқатерлерді нақты уақыт режимінде анықтайды. Сарапшылардың айтуынша, соңғы жылдары кибершабуылдар жиілеп, компаниялар мен мемлекеттік органдар ақпараттық қауіпсіздікке көбірек қаржы бөле бастады. Қазақстан бүгінде Орталық Азияда киберқауіпсіздікті дамыту бойынша көш бастап тұр.

Игорь Сенюшин, TSARKA Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер бөлімінің басшысы:

- Бұл смартфонның басты ерекшелігі – тұтынушыны өзінен де, сондай-ақ жеткізу тізбегінен де толық қорғау. Себебі құрылғыда қолданылатын шифрды тапсырыс берушінің өзі енгізеді. Бізге ол үрдіс қолжетімсіз. Қазіргі уақытта макеттеу кезеңі аяқталды. Енді өндірістік үлгісін жасауға көштік. Жобаға қызығушылық танытып отырған компаниялар бар, бізге хабарласып, әріптестік орнатқысы келгендер де болды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?