Қазақстанда байлық салығын енгізу жоспары жарияланды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ауқатты адамдар енді бағалы, люкс автомобильдері салығының үстінен қосымша коэффициент төлейді. Сонымен қатар тіркеу алымының мөлшерлемесін арттыру арқылы салық көлемінің артуы ықтимал. Ұшақтардың жекелеген түрлері, яхталар мен жылжымайтын мүлік те осы санатқа қосылмақ. Ауданы 300 шаршы метрден асатын пәтерлер, тұрғын үйлер, 400 шаршы метрден асатын саяжайларға байланысты мүлік салығын арттыру көзделіп отыр.
Айта кетейік, байлық салығын енгізу мәселесі ҚР Ұлттық экономика министрлігі сайтында пысықталады.