Үкіметте цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Үкіметте цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Үкіметте цифрландыру жөніндегі комиссия отырысында жаңа электронды платформалар талқыланды. Осылайша, жыл басынан бері елімізде субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі іске қосылды. Ол 1 млрд теңгеден астам соманы үнемдей отырып, барлық фермерлер үшін мемлекеттік субсидияларды тегін бөлуді қамтамасыз етеді. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін кезек беріліп, өтінімдердің бірыңғай тізілімі енгізілді, сондай-ақ, облыстар мен субсидиялар бойынша «жария бюджет» функциясы іске қосылды. Премьер-Министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне платформаның функционалдығын пысықтауды, облыс әкімдіктеріне уақытылы субсидиялар төлеуді қамтамасыз етуді, ал, фермерлермен бірге жыл соңына дейін егіс алқаптарын цифрландыру қажеттігін атап өтті. Қазақстанда тағы бір қажетті цифрлық алаң жұмысын бастады. Бұл жер қойнауын пайдаланушыларға арналған Бірыңғай платформа. Ол мемлекеттік функцияларды автоматтандыру арқылы пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүзеге асыруға лицензия беру процесін жеңілдетуге және жеделдетуге арналған. Платформа арқылы әлеуетті инвесторлар сұралған аумақ туралы толық  ақпарат ала алады. Бүгінде алаң бойынша жұмыс жалғасуда, жақын арада геологиялық деректер мен есептерді цифрландыру және жүктеу, сондай-ақ, бірқатар басқа да мәліметті өзектендіру көзделген. Үкімет отырысында қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкін құру мәселесі де қаралды. Платформа нақты уақыт режимінде әртүрлі экологиялық ақпаратты жинауды және талдауды қамтамасыз етеді деп жоспарланған. Оның іске қосылуы желтоқсан айына жоспарланған.