Қазақстанда 10 айда 75 млн тоннаға жуық мұнай өндірілген. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Энергетика министрі мәлімдеді. Алмасадам Сәтқалиев аталған кезеңде 11 миллион тоннадан аса мұнай өнімдері, 48 миллиард текше метрден көп газ, 15 мың тонна уран өндірілгенін жеткізді. Жалпы электр қуаты 93,5 миллиард кВт/cағатты құрады. Сонымен қатар Алмасадам Сәтқалиев ұлттық электр желісін дамыту үшін атқарылып жатқан шаралар мен елімізде газ құбырын тарту жоспары жөнінде баяндады. Президент энергетика инфрақұрылымын жаңғырту жобаларының іске асырылуын айрықша бақылауда ұстауды тапсырды.