Қазақстан жаңа дақылдан экспортқа шығарылатын астық
көлемін арттырды. Өткен жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында еліміз
сыртқы нарыққа 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54%-ке көп жеткізген.
Яғни 3,7 млн тоннаны құрады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Мәселен, Өзбекстанға өнім жеткізу өсімі 44%, Тәжікстан мен Ауғанстанға 50%
астам, Қырғызстанға 22% тең келді. Ақтау порты арқылы Иранға экспорт 30 еседен
астам өсіп, 14 мың тоннадан 435 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. Жалпы, бейінді
ведомствоның мәліметінше, өткен жылдың 11 айында 9 млн тоннадан артық астық
тасымалданса, оның 2 млн тоннадан астамы ішкі нарыққа, 7 млн тоннасы экспортқа шығарылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы диқандар дәнді дақылдардан рекордтық өнім
жинады. Орташа өнімділік гектарынан 16
центнерден айналып, 26,7 млн тонна астық бастырылды.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

