Қ. Тоқаев Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті

Қ. Тоқаев Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің баяндамаларын телефон арқылы тыңдады. Аталған облыстардың әкімдері мемлекет басшысына жергілікті өңірлердегі ахуал жайында, сонымен қатар табиғи апатпен күресу және су тасқынының зардаптарын жою бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде есеп берді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев облыс және қала әкімдеріне көшелерді тазарту, елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолды ретке келтіру тапсырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев осындай жұмысқа тұрғындар мен еріктілерді тартудың маңыздылығын атап өтті.