Қазақстан үкіметі АЭС салу мәселесі бойынша арнайы комиссия құрады

Қазақстан үкіметі АЭС салу мәселесі бойынша арнайы комиссия құрады

Қазақстанда АЭС салу жөніндегі арнайы Үкіметтік комиссия құрылады. Ол барлық әлеуетті жеткізушілермен келіссөздер жүргізіп, аталған мәселені ел президенті жанындағы энергетикалық кеңесте қарау үшін Үкімет басшылығына өз ұсыныстарын дайындайды. Сондай-ақ, қаржы-экономикалық блок, құқықтық және техникалық мәселелер бойынша кеңесшілерді тарту жоспарланып отыр. 

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

– Алдын ала ақылдасу-келісім процесі басталып та кетті. Қытай Халық Республикасы мен Кореяда кездесулер мен сапарлар өтті. Біз әлеуетті жеткізушілерден алғымыз келетін бағыттарды алдын ала айтып жатырмыз. Бұл кәдімгі электр энергиясының құны, құрылыс құны, бюджет шегі бойынша мерзімінде аяқтау кепілдігі. Соннымен қатар ең алдымен, қауіпсіздік мәселелері, барлық әлеуметтік пакет, қаржыландыруды қамтамасыз етуге, отын өндірісін оқшаулауға байланысты мәселелерді пысықтаудамыз.

Әсел Күшенғалиева