Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік бюджетке шамамен 9 трлн теңге түсті. Жұмыс қорытындысы туралы Қазақстанның Қаржы министрлігінде айтылды. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, жұмыс салықтық және кедендік әкімшілендіруді жаңғырту, мемлекеттік бақылауды жақсарту бойынша жүргізілді. Сонымен қатар, елде жеке тұлғалардың банкроттығы мен төлем қабілетін қалпына келтірудің заманауи институтын құру бойынша белсенді жұмыс істеді. Сондай-ақ, қаңтарда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Бизнес-құрылымдардан шамамен 1 млн есеп келіп түсті. Бұдан басқа, экспорттық-импорттық операциялар бойынша валюталық бақылау функциясының бір бөлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне берілді.
Ержан
Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:
– Ағымдағы жылы 25
наурызда Мемлекет басшысы Трансферттік баға белгілеу туралы заңға бірқатар
түзетулерге қол қойды. Заңның мақсаты - кіріс шығындарын болдырмау және біздің
экспортталатын тауарларымызға әділ нарықтық баға белгілеу. Өткізу пункттері
бойынша үшінші елдермен автокөліктердің өту режимі 36% ұлғайды. Егер былтыр бірінші жартыжылдықта 440 мың автокөлік жүрсе, биылғы бірінші
жартыжылдықта 600 мың автокөлік осы кеден бекеттерінен өтті.