Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмектің кезекті партиясын жеткізді. Миссия өкілдері зардап шеккен тұрғындарға шатырлар, көрпе-матрастар мен басқа да қажетті заттарды әскери ұшақпен алып барды. Бұл – Сирияның бас қаласына жөнелтілген үшінші рейс. Алда тағы бір рейс жеткізу жоспарда. Гуманитарлық жүктің жалпы көлемі 50 тонна. Соңғы деректер бойынша, мұнда жер сілкінісінен көз жұмғандар қатары 5 700-ден асты. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, араб елінде табиғи апат салдарынан 5 300 000 адам баспанасыз қалған.
Түркияда зілзала құрбандарының саны артты
Ал Түркияда зілзала салдарынан құрбан болғандар саны 32 000-ға жуықтады. Жер сілкінісінен 10 провинцияда тұратын 16 миллионнан аса адам зардап шеккен.