«Хабар» Агенттігі биыл өзінің 26-шы туған күнін атап өтуде. Мереке аясында 23-24 қазан күндері сағат 16:00-де «Хабар» арнасында телевизиялық журналистика туралы алғашқы «KazNews» телехикаясы көрерменге жол тартады.
Телетуындының басты рөлдерін Айгүл Мүкей, Арай Әлімхан, Карина Қарпаева, Серік Ақышев, Асқар Әшімов ойнап шықты. Түсірілімге «Хабар» Агенттігінің Басқарма Төрағасы Ерлан Бекхожин қатысты.
Әдемі сурет, сахна сыртындағы өмір және телевизияның дамуына үлес қосқан тұлғалар көрініс тапқан «KazNews» телехикаясы отандық журналистердің қызметі және телевизияның кадрдан тыс өмірін көрсетеді. Жоба «Қазмедиа» орталығының атмосферасын көрерменге жеткізеді. Басты кейіпкерлер Бас директор атану мақсатында шытырман оқиғаларды бастан кешеді.