Минскіде «Қазақстан – Беларусь» әдеби-көркем жинағы таныстырылды. Альманах екі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында жарық көріп отыр. Басылымда туындылар қазақ, беларусь және орыс тілдерінде ұсынылған. Жинаққа қазақтың біртуар ақын-жазушылары Абай Құнанбайұлы, Олжас Сүлейменов, Мұхтар Әуезовтің, сондай-ақ беларусь әдебиетінің классиктері Янка Купала мен Якуб Коластың шығармалары, жалпы саны 70 автордың туындылары топтастырылды. Альманах Қазақстан мен Беларусь елдерінің көпжылдық мәдени ынтымақтастығының нышаны ретінде басып шығарылды.
Любовь Шашкова, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі:
- Бұл, әрине, 1 жыл ішінде тындырылған жұмыс емес. Бұл – Қазақстан мен Беларусьтің ондаған жылдағы әдеби, мәдени байланыстарының жемісі. Өзара қарым-қатынас тығыз, жобалар өте көп. Сондықтан бұл жердегі басты мақсатымыз ең маңызды, ең қызықты туындыларды іріктеп, осы жинақтың 6 бөлімінде ұсыну болды.