Қазақстан-Сербия: Екі ел арасындағы берік байланыс

Қазақстан-Сербия: Екі ел арасындағы берік байланыс

Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі негізгі серіктестерінің бірі. Бүгінде тараптар барлық саладағы өзара іс-қимылды арттыруға ниетті. Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті зор. Мәселен, өткен жылы екіжақты сауда көлемі 23%-ке артып, 91 млн доллардан асты. Осы жылдың 9 айында, республика Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша, екі ел арасында алыс-беріс шамамен 70 млн-ға жетті. Айта кетейік, қазір Қазақстан Сербияға минералды тыңайтқыштар, пропилен полимерлері, мақта, фанера жеткізеді. Ал, Сербиядан елімізге картон, алюминий профильдері, шыныдан жасалған бұйымдар мен металл конструкциялары импортталады. Отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды арттыру бойынша да мүмкіндіктер жетіп артарлық. Жалпы, бүгінде Қазақстанда серб капиталының қатысуымен 50-ден астам бірлескен компания тіркелген. Айта кетейік, бүгінде екі ел арасында 14 жолаушылар рейсі орындалады. «Ашық аспан» режимі жұмыс істейді.

Әсел Күшенғалиева