Қазақстан өзінің стартаптары мен өзге де IT-жобаларын шетел нарықтарына шығармақ. Бұл мақсатта инновациялық хаб ашу жоспарлануда. Еліміз бұндай жобаны Сауд Арабиясында бастамақ. Одан да бөлек, хаб дарынды жас кәсіпкерлердің көшіп, кәсіптерін кеңейтуіне де көмектеседі. Бұл үшін венчурлік қорлардан алғашқы инвестициялық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ инкубация мен акселерация бағдарламалары қолданылады. Ресми түрде инновациялық хаб ашу туралы келісімге Эр-Риадта өткен «Қазақстан-Сауд Арабиясы» үкіметаралық комиссиясының алтыншы отырысында қол қойылды.