Қазақстан Ресейге
экспортты ұлғайтты. Оның көлемі қаңтар-мамыр айларында ақшалай мәнде 2,8 млрд долларға жетті. Ресейден басқа Қытай мен
Италия да біздің еліміздің
негізгі серіктестері болып келеді. 2024
жылдың алғашқы 5 айында Аспан асты еліне жеткізілімдер шамамен 20% өсіп, АҚШ
валютасында 6 млрд 800 млн-ға жетті. Италияға экспорт 4 млрд 600 млн долларды құрады.
Мұндай деректерді еліміздің Экономика министрлігіне қарасты Экономикалық
зерттеулер институты келтіріп отыр. Бүгінде еліміздің шетелге саудасы 32,5 млрд
долларға дейін өсті. Көрсеткіштердің еселене түсуіне мұнай, мыс, радиоактивті
элементтер мен ферроқорытпалар жеткізілімдерінің артуы ықпал етті. Сонымен
қатар, Қазақстанға әкелінетін импорт көлемінің төмендегені байқалады. Айта
кетейік, елімізге негізінен автомобильдер, дәрі-дәрмектер, мобильді құрылғылар
мен ұшу аппараттары жеткізіледі.