Былтыр Қазақстан экономикасының өсімі 5% асты

Былтыр Қазақстан экономикасының өсімі 5% асты

Қазақстанда былтыр инфляция 9,8% құрады. Оның деңгейі 2022 жылдан екі есеге төмендеген. Мәжілісте республиканың өткен жылғы экономикалық көрсеткіштері сараланды. Қаржы министрінің дерегінше, 2023 жылы жалпы ішкі өнімнің өсімі 5% асып жығылған. Бұған негізгі капиталға инвестициялардың ұлғаюы және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда және көлік сынды экономиканың қозғаушы салаларының дамуы есебінен қол жеткізілген. Мемлекеттік кірістер ауқымы 4 трлн теңгеге көбейген. Оның үштен бірі салық түсімдерімен байланысты. Қажетті қаржыландырумен қамтамасыз ету мемлекетке өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толық орындауға мүмкіндік берді. Осы есептік кезеңде үш бірдей ұлттық жоба қабылданды. Оларды іске асыруға түрлі көздерден 625 млрд теңге қарастырылған.

Мәди Тәкиев, ҚР Қаржы министрі:

– «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыруға өңірлерге, Ұлттық қор қаражаты есебінен 500 млрд теңге бөлінді. Ағымдағы жылы 217 мектептердің құрылысы аяқталады деп отырмыз. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасын іске асыруға жоспарланған 42 млрд теңге сомасынан 37,8 млрд теңге бөлінді.  99 медициналық-санитариялық көмек пункттерін салу жоспарланған.