Қазақстан Президентінің ТРК журналистері Дохада білім шыңдады

Қазақстан Президентінің ТРК журналистері Дохада білім шыңдады

Қазақстан Президенті телерадиокешенінің журналистері Al Jazeera Медиа-институтында білім шыңдады. Дохада өткен жеке оқу бағдарламасы шеңберінде тілшілер күнделікті жұмыстарын оңтайландырып, кәсіби дағдыларын арттыруға бағытталған тиімді құралдарды игерді. Мәселен шетелдік БАҚ өкілдері ең соңғы оқиғалардан хабардар болу үшін жасанды интеллекттің мүмкіндіктері кәдеге жарауы әбден мүмкін екенін алға тартады. Олар тың технологиялар көрермендер үшін заманауи медиа-стандарттар бойынша бірегей контент жасауға мүмкіндік беретініне сенімді. 

Фарас Гани, «Al Jazeera» Халықаралық телекомпаниясының ағылшын тіліндегі порталының цифрлық редакторы: 

- Тек жұмысты жеңілдету үшін ғана емес, тың идеялар тудыру үшін де технологиялар әлемінде не болып жатқанын білу өте маңызды. Менің ойымша, әсіресе жасанды интеллект бойынша өтетін мұндай курстардың пайдасы мол. Біз ньюсрум деп атайтын жаңалықтар бөлімінде отырғанның өзінде жұмыс көлемінің көптігіне байланысты сыртта болып жатқан тың оқиғалардың бәрін біле бермейміз. Ал, бұндай оқулардан қызметімізді тиімді ететін озық әдістермен таныса аламыз. 

Рабиға Нұрбай, «Қазақпарат» ХАА Халықаралық жаңалықтар қызметінің басшысы: 

- Енді бізде медиада іске асыруға болатын қолданбалы құралдар жиынтығы бар. AI-ды бұл салада пайдалану аясы өте кең және оны бүгіннен қалмай үйрену бір қадам алда болу және жұмысты жеңілдету, оны неғұрлым тиімді ете түсу үшін өте маңызды. 

Айта кетейік, бұндай білім түгестеу Қазақстан Президентінің телерадиокешені мен Al Jazeera арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның арқасында мүмкін болды. Құжатқа былтыр ақпан айында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатарға мемлекеттік сапары аясында қол қойылды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?