Қазақстан Қытайдың III өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады

Қазақстан Қытайдың III өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады

Қазақстан ШҰАА-да (Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы) өтетін III өңіраралық ынтымақтастық форумына, сонымен қатар «Қытай-Еуразия» ЭКСПО халықаралық көрмесіне  қатысады. Дәстүрлі шара биыл 26-шы маусым Үрімжіде өтеді. Бұл жөнінде Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді. Айта кетейік, соңғы жылдары Қазақстаннның Аспан асты елінің осы ауданымен алыс-беріс аясы кеңейіп келеді. Мәселен 2023-ші жылы өзара тауарайналым 20 млрд долларға жетіп, 70% астам өсті. Ал биыл екі айда ғана сауда саттық көлемі АҚШ валютасында 3,5 млрд-тан астамды құрады. Бұл былтырғы сәйкес кезеңнің көрсеткішінен 90% жоғары. Жалпы бүгінгі таңда Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының сыртқы саудасының 40% Қазақстанға тиесілі.