Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті елорда әуежайында қарсы алды. Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін Астана әуежайында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды. Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер өткізу және бірқатар маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.
Қазақстанға ресми сапармен Жапония Премьер-Министрі келеді
Қазақстанға Жапония Премьер-Министрі де ресми сапармен келеді. Фумио Кишида Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келеді. Айта кетейік, 9 тамызда Астанада «Орталық Азия + Жапония» диалогының бірінші саммиті өтеді. Ал тамыздың 10-на Қазақстан Президенті мен Жапония Премьер-Министрінің екіжақты келіссөздері жоспарланған.