Қазақстан Президентіне қаржы нарығының дамуы жөнінде баяндалды

Қазақстан Президентіне қаржы нарығының дамуы жөнінде баяндалды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады. Мәдина Әбілқасымова қаржы нарығын дамытудың 2025 жылғы нәтижелері туралы баяндады. Ол былтыр банк секторының орнықтылығы қамтамасыз етілгенін, жыл сайынғы қадағалау-бағалау циклі аяқталғанын жеткізді. Банктердің активтері 11% өсіп, 70 трлн теңгеге жуық ұлғайған. Кәсіпкерлер 17,5 трлн теңгеге жаңадан несие ресімдеді. Шағын және орта бизнесті кредиттеу ісін қолдау үшін 2025 жылдың маусым айында «Даму» қорының жанынан Кепілдік қоры құрылды. Бүгінде 505 млрд теңге көлемінде несие кепілдіктері берілді. Қаржылық алаяқтыққа қарсы күрес шеңберінде кредит беру кезінде «шешім қабылдау кезеңі» заңнамаға енгізілді. Алғашқы қарызды ресімдеуге азаматтың өзі келуге тиіс. Бұдан бөлек, алаяқтық жағдайында кредитті сот шешімімен және соттан тыс тәртіппен есептен шығарудың негіздемелері кеңейтілді. Кездесу соңында Президент қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын несиелеуді ұлғайту және қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?