Транскаспий бағыты арқылы тасымалдау көлемі 2024 жылы 60% өсті

Транскаспий бағыты арқылы тасымалдау көлемі 2024 жылы 60% өсті

Транскаспий көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі соңғы 5 жылда 6 есе өсті. Дәліз еуразиялық логистиканың негізгі буынына айналуда. Өткен жылы аталған бағыт арқылы жеткізілімдер 60% астам өсіп, 4,5 млн тоннаға жетті. Алдағы 3 жылда Қазақстан бұл көрсеткішті цифрландыру, порттарды дамыту және жаңа жүк терминалдарын салу есебінен екі есе арттыруды жоспарлап отыр. Айта кетейік, елімізде автожол желісі мен теміржол инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылуда. Бүгінде авиация саласы да белсенді дамып келеді. Шымкент, Қызылорда және Алматы қалаларында жаңа жолаушылар терминалдары пайдалануға берілді. Соңғы шаһардың әуе айлағының өткізу қабілеті алты есеге жуық өсіп, жылына 2,5  нан 14 млн дейін, ал Шымкентте бұл көрсеткіш 6 млн жетті. Бұдан басқа, алты авиациялық хаб салынады. Бұл ірі жобаларды дамытуға қомақты инвестициялар тартылмақ.

Мақсат Қалиақпаров, ҚР Көлік вице-министрі:

- Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту үшін ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Каспий, Әзірбайжан және Грузия арқылы Қазақстанды Еуропамен байланыстыратын транскаспий көлік дәлізі сынды мультимодальдық бағыттар да белсенді дамуда. Ол үшін Ақтау және Құрық порттары жаңғыртылып жатыр. Еліміздің автожол желілері үлкен мәнге ие. Жалпы, биыл елдегі 13 мың шақырымнан астам жол жаңадан төселіп, кейбір учаскелері жөндеуден өтеді.  Жалпы 7 мың шақырымы орташа жөндеумен қамтылды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?