Бұл туралы Халықаралық валюта қорының миссия басшысы мәлімдеді. Николя Бланшенің айтуынша, Қазақстан сенімді түрде қалпына келтіру серпінін көрсетуді жалғастыруда. Ол сондай-ақ республиканың қаржылық қадағалауды күшейту, инфляциялық таргеттеу, салықтық және бюджеттік әкімшілендіруді цифрландыру жөніндегі шараларына және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі міндеттемелеріне жоғары баға берді. Сонымен қатар сарапшы елдегі инфляция әлі де өсуі мүмкін екенін атап өтті. Сондықтан ол Ұлттық банктің ақша-несие саясатын қатаңдатуды орынды деп есептейді.
Николя Бланше, ХВҚ-ның Қазақстан бойынша миссия басшысы:
- Қазақстан Ұлттық банкі алдын базалық мөлшерлемені 0,25% көтерді. Елдегі жағдайды талдай отырып, бұл саясатты жалғастыру қажет деп санаймыз. Себебі инфляция деңгейі әлі де өсуде. Сондай-ақ Ұлттық банктің экономиканы қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларынан шығу бастамасын қолдаймыз. Елдегі қаржы нарығын реттеу мен дамыту, бәсекелестікті қорғау агенттігін құру ел экономикасының дұрыс дамуына серпін береді деп ойлаймыз. 2021 жылдың қорытындысы бойынша қалпына келу серпінін одан әрі сақтай отырып, Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,7% жетеді.