Мұнай өндірісіндегі операторлардың сатып алудағы жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасы қайта қаралады

Мұнай өндірісіндегі операторлардың сатып алудағы жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасы қайта қаралады

Премьер-Министр «Шелл» компаниясының атқарушы вице-президенті мен жергілікті қамтуды арттыру мәселесін талқылады. Жақын арада тараптар ішкі нарықта тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұлғайту мақсатында жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасын қайта қарайды. 

Бұдан бөлек, тараптар мұнай-газ саласындағы бірлескен жобалардың іске асырылу барысын да назардан тыс қалдырмады. Олжас Бектенов пен Питер Костелло Қарашығанақты кеңейту жобасы бойынша мұнай мен конденсат өндіруді жылына кемінде 11 млн тонна деңгейінде ұстап тұру – басым міндеттердің бірі екен айтты. Осы мақсатта тараптар шикі газды кері айдаудың қосымша компрессорларын уақытылы іске қосуды қамтамасыз етеді. 

Сонымен қатар, акционерлер есебінен қуаттылығы жылына 4 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылуда. 

Бұдан бөлек Қашаған кен орнының тұрақты жұмысына ерекше назар аударылды. Өткен жылы мұнда 18 млн тоннадан астам мұнай мен 12 млрд м3-ге жуық газ өндірілді. Кен орнын толық көлемде игеру үшін қазір газ өңдеу зауытын салу мәселесі пысықталуда.