Қазақстанның ЖІӨ 2025 жылдың алғашқы
жартыжылдығында 6,2%-ға өсті. Бұл ел экономикасының соңғы 14 жылдағы ең жоғары
өсу көрсеткіші. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық
экономика министрі мәлімдеді. Серік Жұманғариннің айтуынша, өсімнің негізгі
көзі экономиканың нақты секторы мен қызмет көрсету саласы. Негізгі қозғаушы
күші де көлік және құрылыс саласы. Сондай-ақ, сауда саласында да жандану
байқалады, тау-кен өнеркәсібінің, өңдеу секторының өсуі жалғасуда. Инвестиция
көлемі де 19%-ға өскен. Бұл ретте капитал салымдары көлемінің ұлғаюы білім
беру, қаржы қызметі, денсаулық сақтау сынды болашақ экономиканы қалыптастыратын
салаларда да байқалады. Сонымен қатар, 2025 жылдың бес айында сыртқы сауда
айналымының көлемі 53,5 млрд долларға жетті. Бұл ретте экспорт 30 млрд долларды
құрады.

