ҚР Премьер-Министрі Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді

ҚР Премьер-Министрі Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді

Қазақстан Премьер-Министрі Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты ел Президентінің тапсырмаларын орындау бойынша жедел кеңес өткізді. Олжас Бектенов қорғаныс министрінің стратегиялық және инфрақұрылымдық нысандарды қорғауды қамтамасыз етуге қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәліметтерін тыңдап, мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын күшейтуге бағытталған бірқатар міндеттер қойды. Уәкілетті құрылымдардың басшылығына Мемлекет басшысының қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуын ерекше бақылауда ұстау және жағдайдың өзгеруі туралы шұғыл режимде баяндау тапсырылды.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?