Қазақстан Президенті Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына,
«Самұрық-Қазына» қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ
әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және
коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлар мен порттардың қауіпсіздік
шараларын күшейтуді тапсырды. Аталған жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің
хатшысына жүктелді. Бұл туралы Қазақстан Президентінің кеңесшісі - баспасөз
хатшысы Айбек Смадияров Telegram-арнасында хабарлады.

