Мемлекет басшысы Әзербайжанға жұмыс сапарының екінші күнінде бірқатар кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Әзербайжанға жұмыс сапарының екінші күнінде бірқатар кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Бакуде өткен БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың конференциясы аясында Грекия Премьер-министрімен  кездесу өткізді. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, сондай-ақ өзара алыс-берісті әртараптандырудың маңыздылығына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Афины еліміздің Еуропа Одағына мүше мемлекеттер арасындағы ТОП 5 сауда әріптесінің бірі екенін атап өтті.  

 

Ал Солтүстік Македония Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа екіжақты байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Гордана Силяновска-Давкова Қазақстанның Орта держава ретінде халықаралық аренадағы рөліне жоғары баға берді. Тараптар сауда-экономика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық аясын кеңейту перспективасына, екі ел азаматтары үшін виза режимін оңтайландыру мәселесіне айрықша мән берді. Екі елдің іскерлік топтары арасында қарым-қатынасты дамыту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. 

 

Қазақстан Президенті Хорватия премьер-министрімен энергетика секторындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде бизнес жүргізетін хорват компанияларына қолдау білдіріп, Андрей Пленковичті келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды. Өз кезегінде Хорватия Премьер-Министрі Қазақстан Президентіне елге сапармен келуге ұсыныс білдірді. 

 

Әсел Күшенғалиева 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?