Қазақстанда Конституциялық сот құрылады

Қазақстанда Конституциялық сот құрылады

Мұндай ұсынысты Мемлекет басшысы Жолдау кезінде айтты. Президенттің сөзіне қарағанда, бұл – әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам.

«Мен елімізде Конституциялық сот құруды ұсынамын. Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін берген жөн. Бұл бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болады деп сенемін», – деді Қ. Тоқаев.