Мемлекет
басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды
қолдау орталығы көрсетілді. Бастама
Қарулы Күштердің және ұлттық қауіпсіздік жүйесінің қажеттілігі үшін отандық
технологиялық шешімдерді анықтау, іріктеу және жедел дамыту жөніндегі
инновациялық экожүйе құруды көздейді. Бастаманы ілгерілету аясында Алматыдағы
Армия Үйі базасында қорғаныс технологиялары орталығы ашылды. Astana Hub алаңында
Defense Tech үйлестіру кеңсесі ұйымдастырылған. Бұл Қорғаныс министрлігі,
технологиялық кәсіпкерлер, ғылыми ұйымдар және индустриалдық серіктестер
арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

