Сенат Азия кеңесіне қатысты құжатты мақұлдады

Сенат Азия кеңесіне қатысты құжатты мақұлдады

Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес толыққанды халықаралық ұйымға айналады. Сенат осыны көздейтін заңды мақұлдады. Маңызды құжат Ұйым қызметкерлерінің еңбек жағдайларын халықаралық стандарттарға сәйкестендірмек. Қазақстан кеңестің негізін қалаушы мемлекет ретінде Ұйымның жалпы қызметін жақсартуға айрықша мән беріп келеді. Штаб-пәтері Астанада орналасқан құрылымға 28 мемлекет мүше. Бұл - Азия құрлығының 90% құрайды.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламенті сенатының депутаты:

- Хаттамаға енгізілген өзгерістер Біріккен Ұлттар Ұйымының және өзге де халықаралық ұйымдардың ережелері мен тәжірибесіне сәйкес, мүше мемлекеттерден Хатшылыққа жұмысқа жіберілетін немесе келісімшарт негізінде қызмет атқаратын персонал мүшелерінің мәртебесін нығайтуды көздейді. Азия Кеңесі сияқты үкіметаралық немесе мемлекетаралық ұйымға мүше әрбір мемлекет, әсіресе қабылдаушы тарап, қызметкерлердің функциялары мен тәуелсіздігінің халықаралық сипатын тануды, құрметтеуді және сақтауды іргелі қағида ретінде қабылдауы тиіс екені белгілі.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?