Қазақстан Президенті Премьер-Министрге бірқатар тапсырма берді

Қазақстан Президенті Премьер-Министрге бірқатар тапсырма берді

Қазақстанның экономикасы биыл 8 айдың қорытындысы бойынша 3,7% өсім көрсетті. Бұл жөнінде Мемлекет басшысына ел Премьер-Министрі мәлімдеді. Олжас Бектеновтің дерегінше құрылыс, көлік және қойма ісі, байланыс, сауда, өңдеу өнеркәсібі секторларының даму қарқыны едәуір жақсарған. Ел бойынша орақ науқаны қыза түскен. Дәнді және бұршақты дақылдар алқабының 70% астамы жиналып, 17 млн тоннадан артық астық бастырылды. Жалпы ауыл шаруашылығын жеңілдікпен қаржыландыру көлемі 3 есе ұлғайып, 580 млрд теңгеге жетті. Сондай-ақ, Президентке су тасқыны салдарын жою қамындағы шаралар баяндалды. Зардап шеккен азаматтардың барлығына әлеуметтік қолдау көрсетіліп, бүлінген дүние-мүлкі үшін өтемақы төленді. Баспанасынан айырылғандарға тұрғын үйлер сатып алынып, 2,5 мыңнан астам тұрғынжай жаңадан салынды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы еліміздің өнеркәсіп әлеуетін одан әрі арттыру және инфрақұрылымды жаңғырту жөнінде бірқатар тапсырма берді.