Қазақстанда әлеуметтік салаға 14,5 триллион теңге бөлінді. Бұл жалпы мемлекеттік бюджеттің 60 пайызын құрайды. Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде Премьер-Министрдің орынбасары осылай деді.
Тамара Дүйсенованың айтуынша, бүгінде әлеуметтік саланы цифрландырудың деңгейі қызмет алушыларды және оларға көрсетілген қызмет көлемін анықтап қана қоймай, мемлекеттік қолдау шараларының құрылымына түзету енгізуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа білім беру, медициналық көмек сапасын арттыру және әлеуметтік нысандар құрылысы мен ауыл тұрғындарын қолдау бойынша Үкімет тарапынан қолға алынған жобалар жайында мәлімет берілді.