Қазақстан экономикасына Астана Халықаралық Қаржы Орталығы арқылы тартылған инвестиция көлемі 13 миллиард доллардан асқан. Оның 6 миллиард долларына жуығы AIX биржасындағы портфельдік қаражат болса, 7,3 миллиард доллары АХҚО-ға қатысушы компанияларға тиесілі. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения Президенті Ваагн Хачатурянға қаржы орталығының басқарушысы мәлім етті. Бүгінде мұнда әлемдегі 80-нен астам елдің 3200-ге жуық компаниясы жұмыс істейді. Олардың қатарында Арменияның 6 ірі құрылымдары да бар.
Сонымен қатар, қаржы орталығы Соты, Халықаралық төрелік орталығы, орталықтағы сот жүйесінің ерекшелігі туралы баяндалды. Ал қаржы қызметтерін реттеу комитеті мен Арменияның Орталық банкі өзара іс-қимыл туралы меморандум жасасты.