Қазақстан мен Қатар әскери ынтымақтастық аясын кеңейтеді

Қазақстан мен Қатар әскери ынтымақтастық аясын кеңейтеді

Қазақстан мен Қатар әскери ынтымақтастық жөнінде келісімге келді. Мәжіліс тараптар былтыр қол қойған тиісті құжатты қабылдады. Яғни, елдерімізге әскери білім мен ғылым және медицина секілді салаларда тәжірибе алмасудың мүмкіндігі туады. Сондай-ақ, әскери бағыттағы мәдени-спорттық іс-шаралар, бітімгершілік операцияларға қатысты кеңестер, жауынгерлік дайындық жағы да қарастырылған. Оның аясында екі мемлекеттің уәкілетті органдары өзара ықпалдастықты ұйымдастыратын және үйлестіретін бірлескен жұмыс тобын құрмақ. Айта кетейік, бүгінде Қазақстан 20 мемлекетпен дәл осындай келісім жасасқан.