Қазақстан Президенті NVIDIA және Firebird AI компанияларының өкілдерін қабылдады

Қазақстан Президенті NVIDIA және Firebird AI компанияларының өкілдерін қабылдады

Қазақстанда жасанды интеллект инфрақұрылымын жобалау, салу  және пайдалану. Президент NVIDIA аталған бағытағы серіктестік перспективасын NVIDIA және Firebird AI компаниялары өкілдерімен кездесу барысында талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстан алдағы үш жылда толық цифрлық елге айналуды көздеп отырғанын жеткізді. NVIDIA технологиясы негізінде суперкомпьютер кластерлерін іске қосу аталған мақсатқа жету және елдің технологиялық дербестігін нығайту ісіндегі маңызды қадам болды. Сондай-ақ Президент Деректерді өңдеу орталығы алқабын құру бойынша стратегиялық жоба қолға алынғанына тоқталды. Онда есептеу инфрақұрылымын дамытқысы келетін инвесторларға қолжетімді электр энергиясы, телекоммуникация желісі және салық жеңілдіктері қарастырылады. Кездесу соңында тараптар АІ-экожүйесін дамыту бағытындағы бірлескен бастаманы іске асыру мүмкіндіктерін зерделеуге келісті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?